ДІН және ҚОҒАМ

Бүгін Жалағаш кентіндегі Мәдениет және өнерді дамыту орталығында республикаға белгілі теолог, РАНТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің магистранты Қабылбек Әліпбайұлының қатысуымен «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бектібаев Нұрлан жүргізді.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында әзірленді. Бүгінгі семинардың маңыздылығы да осы болып отыр, - деді өз сөзінде.
Кездесуде Қабылбек Әліпбайұлы «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Шараға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайтужәне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, ауданымыздың орталығынан ауданымыздың түлегі, кәсіпкер Ерлан Сағынбаевтың демеушілігімен кент орталығынан 300 орындық мешіт іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мешіт жанынан сонымен қатар, 200 орындық асхана ғимаратының құрылыстары жүргізіледі . Аталмыш жұмыстар келер жылы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
07 қараша 2018 ж. 755 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30