» » Аты аңызға айналған "Қыз әулие" еркек болып шықты

Аты аңызға айналған "Қыз әулие" еркек болып шықты

Аты аңызға айналған «Қыз Әулие» кесенесі туралы жаңа дерект


ер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі.

ÒÑз ÓÑлие

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы XIV - XV ғасырлардың куәсі Абат-Байтақ кесенесін көпшілік жақсы біледі. Кесене жанында 200-ге жуық әртүрлі жазумен өрнектелген құлыптастар мен тарихы жұмбақ «Қыз әулие» деп аталатын бейіт те бар. Мұнда жасырылған сырларды оқу үшін Ақтөбе облысына Рымқұл Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары ат басын бұрды. 

Эпиграфикалық ескерткіш мұраларды зерттеп, жазуларды оқу барысында көптеген қызықты дерекке куә болған. Солардың бірі көпке «Қыз Әулие» атымен таныс кесенеге тікелей байланысты. Бұған дейін көпшілік бұл жерде әйел адамның мәйіті жерленген деп болжаған. Тіпті, кесене жанында бүгінгі үлгідегі Төре тұқымынан шыққан Рабиға Бегім деген есім жазып, белгі қойылған. Алайда, Шығыстану институының ғылыми қызметкері Бағдат Даниярұлы ол ақпараттың жалған екенін ашып айтты. Себебі, кесене жанындағы араб әріптерімен жазылған көне белгіде ер адамға тән деректер жазылған. 
ÒÑз ÓÑлие

«Бұл жерде 200-ге  жуық құлыптас бар. Олардың кейбірінің жанында қазақша атаулары жазылып, белгі қойылған. «Маған осындай аян берді» деп құлыптастың жанына ата тектерін көрсетіп, белгі қойған. Бірақ, олар қате ақпараттар. Мысалы, Қыз Әулие туралы ешқандай тарихи аңыз жоқ. Байқасаңыздар, жанына Рабиға Бегім деген белгі қойыпты. Алайда, біз көне жазуларды оқыған кезде барлық ақпарат ер адамды анықтап тұр. Әлі жазуларды оқудамыз. Талай қызықты ақпарат кездесеріне сенімдіміз»,- дейді Бағдат Даниярұлы.

Кесене биіктігі 12 метр. Бейіті текшеленіп, күмбезделіп салынуына қарап қарапайым адам болмағаны анық. Бұған дейін халық бұл жерде өз заманында танымал көріпкел емші болған деп жорыған. Және, күні бүгінге дейін бала сүйе алмай жүрген әйелдер, дертіне шипа іздеген жандар «Қыз әулиенің» басына келіп түнеп, дұға етіп келеді екен. 

stan.kz


15 тамыз 2019 ж. 686 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930