» » Азаматтардың несиесін өтеу: Қаражат 5 қыркүйекке дейін аударылады

Азаматтардың несиесін өтеу: Қаражат 5 қыркүйекке дейін аударылады

Борыш жүктемесін жеңілдету бойынша 507 мың қазақстандық анықталды. 

ÐзамаÑÑаÑдÑÒ£ неÑиеÑÑн Ó©ÑеÑ: ÒаÑÐ°Ð¶Ð°Ñ 5 ÒÑÑкүйекке дейÑн аÑдаÑÑладÑ


Банктер борыш жүктемесі бойынша қаражатты қарыз алушылардың шоттарына 5 қыркүйекке дейін аударады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 20 тамызында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынған мәліметке сәйкес, жиыны 150 млрд теңгелік қарызы өтелетін 500 мыңнан астам адам айқындалды. Қазіргі таңда қаражат тиісті қаржылық институттарға аударылды. 5 қыркүйекке дейін банктер қарыз алушылардың шоттарына бұл қаражаттарды тарату жұмыстарын жүргізуі керек. Ал 9 қыркүйекте Үкіметке және осы бағдарламаның операторларына қаражаттың шоттарға аударылғаны туралы ақпаратты беруі тиіс», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Үкіметтің баспасөз орталығындағы жиында.

Айта кетсек, борыш жүктемесін жеңілдету бойынша 507 мың қазақстандық анықталды. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін жеңілдету туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Ал арада бір ай өткенде борыш жүктемесін азайтуға қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланды. Екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар мына талаптардың бәріне сәйкес келген кезде өтелуге жатады. Мұнымен қоса, онда қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса, сондай-ақ негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жататындығы айтылады. 

ernur.kz


29 тамыз 2019 ж. 539 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930