Адамның кірпігінде бит өмір сүреді
Сайтымыздың оқырманы Назар Тұрықбайұлы кірпікте өмір сүретін бит туралы материалды түрік сайттарынан аударып, редакциямызға жолдаған екен. Барша қазақ қыздары мен ит өсіргіш ағайындарға сабақ болсын деген ниетпен оны назарларыңызға ұсынамыз.
Қытайда бір келіншек көзі қатты сыздап ауырған соң ауруханаға барады. Daily Mail'in мәліметіне сүйенсек, Сзян есімді әйел бастапқыда көзіне инфекция түсті деп ойлаған. Бір күні баласы әлгі әйелдің кірпіктерінде бірнәрсе жүгіріп жүргенін айтады. Әйел бірден ауруханаға барады. Дәрігерлер алғашында биттерді басқа паразиттермен шатастырады. Кейін микроскоппен қараған соң бит екенін түсінеді. Әйелдің кірпігінің түбінде жиырмаға жуық бит тіршілік етіп жүр екен. Олардың кірпік арасында пайда болуына әйелдің үй жануарларын бағуы мен жасанды кірпік жапсыруы себеп болған. Біздің елімізде де бойжеткендер сапасы күмәнді бояу жағып, жасанды кірпік жапсырады. Салон қызметкерлерінен сұрастырғанымызда жасанды кірпіктерді қытайдан әкелетінін білдік. Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, қазақ қыздары сапасыз бояулардан бас тартады деген ойдамыз. Бұдан өзге жануарларды үйдің ішінде бағу – денсаулық үшін өте қауіпті екенін айтқымыз келеді.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/30825