» » АҚШ пен Қазақстан ядролық қалдықтарды бірге пайдаланбақ

АҚШ пен Қазақстан ядролық қалдықтарды бірге пайдаланбақ

Бұл туралы ҚР энергетика министрлігі баспасөз қызметі хабарлаған.

АҚШ пен Қазақстан ядролық қалдықтарды бірге пайдаланбақ


АҚШ пен Қазақстанның энергетикалық ведомствалары жоғары байытылған уранды ел аумағында кәдеге жарату туралы келісімге келді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу бойынша құжатқа еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен АҚШ энергетика департаментінің ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасары Лиза Гордон-Хагерти қол қойды.

«Бүгінде ядролық қатерді төмендету жөніндегі жаһандық серіктестік шеңберінде Қазақстанда зерттеу реакторларын конверсиялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – зерттеу реакторларын төмен байытылған уран отынына ауыстыру арқылы ядролық қалдықтарды таратпау»,– деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жобалар АҚШ ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Осы орайда америкалық тарап Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен біліктілігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, 16-20 қыркүйек аралығында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас конференциясының 63-ші сессиясына қатысуда.



18 қыркүйек 2019 ж. 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930