"Мен моңғол емес, қазақпын": Көріпкел Шыңғыс ханның Шымкентте жерленгенін мәлімдеді
Түркістандық көріпкел әйелдің түсіне Шыңғыс хан бабасы кіріп, монғол емес қазақ екенін айтып аян берген көрінеді. Қабірі қазақ жерінде жатыр деп жер қаза бастаған әйелге тек елбасының рұқсаты керек екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеп хабарлайды.
Атақты Шыңғыс хан Арыс қаласының Лесхоз ауылы маңына қойылған. Көріпкелдің түсіне кірген Манас бабасы осылай деп аян берген екен. Гүлжанар Алтынбекованың айтуынша мүрде 15 метр тереңдікте қабір ішінде жатқан көрінеді. Оның бір бөлмесіне Моңғол билеушісінің мәйіті, екеншісінде аты жерленіпті-мыс.Алтынбекованың өзі алтыметрлік мрамор тастың үстінде жатқанын, екі жағындағы шам жанып тұрғанын, қасында қорғап жатқан жыланы мен тәспісі, қамшысы қойылғанын айтады.
Қазба жұмыстары есігінің аузына келгенде тоқтап тұрғанын айтқан Гүлжанар рұқсатсыз қабірді ашуға болмайды дейді. Жүргізуші Ғалым Кәлмен бәрі неден басталғанын сұрағанда:
"Бұрыннан аян беріп жүргенде мән бермедім. 2015 жылы қатты қысты. Өзінің жатқан жерін айтып, сол жаққа барасың деді", - деп Шыңғыс хан мен Манас бабасы аян бергенін айтты.
Нақты не деп айтқанын сұрағанда:
"Мен осы жерде жатырмын. Моңғол емеспін. Қазақпын. Маған келетін болсаң, үш бұлағым шығады деді. Расында қазып жатқан жігіттер сол суды ішкенде күш алды. Қандай ауруға болсын емі мол су", - дейді Алтынбекова.
Өз кезегінде тарихшылар, аян, түс дегенге сенбейінін, нақты факттар мен тарихи деректер керек екенін айтады.
Шыңғыс хан маған да аян берді деген Алтынбекованың күйеуі, түсіне кіріп аян берген бабасының әр сөзін жазып алатынын айтады. Сондай-ақ, қазба жұмыстары басталмай тұрып, Яссауи, Арыстан баб, Үкәш ата кесенелеріне барып, рұқсат ал деп аян бергенін, тек сол әулиелердің рұқсатымен ғана ашу керектігін айтқанын жеткізді.
Екі жыл бойы қазба жұмыстарын жүргенін айтқан ол, енді есікті ашу үшін елбасының рұқсаты керек екені, онсыз болмайтынын айтады. Күйеуінің сөзіне сенсек, есіктің бір бөлігінде Шыңғыс ханның таңбасы бар екен. Ол бабаның нағыз белгісі екен алға тартады.
stan.kz