» » Автобус қайда бара жатыр? (басқатырғыш)

Автобус қайда бара жатыр? (басқатырғыш)

ÐвÑобÑÑ Òайда баÑа жаÑÑÑ? (баÑÒаÑÑÑÒÑÑ)Суретке қараңыз. Автобус қай бағытқа жүріп барады? National Geographic ұсынған бұл басқатырғыштың жауабы белгілі болған кезде бүкіл әлем назарын өзіне аударды.

Бір қызығы, үлкендердің өзі бұл сұрақтың жауабын әлі білмейді. Автобус қайда бара жатыр деген қарапайым сұраққа жауап берудің несі қиын? Алайда жауабын табуға ересектерге алған білімі де, тәжірибесі де көмектесе алмайды. Ал оларға қарағанда өмірден көргені аз балалар тез жауап береді. Тағы да мұқият қараңызшы, сонымен сіздің жауабыңыз қандай болмақ?



Көпшілікті шатастыратыны, автобустың алды да, арты да бірдей, жүргізуші отыратын жағын анықтау қиын. Ал енді сол автобустың ішінде өзіңіз отырмын деп елестетіңіз... Енді түсіндіңіз бе? Автобус оңға жүріп келеді десеңіз де, солға қарай жүріп бара жатыр десеңіз де, маңызды емес, екі жауабы да дұрыс болады. Түйіні, сіздің қайда тұратыныңызда! Өзіңіз қай жақта тұратын болсаңыз, автобус сол бағытта жүріп барады деп жауап бересіз. Қарап отырсаңыз, жауап астыңыздағы атта, оны алты ай іздейсіз бе, жоқ па? Басқатырғыш «айтуға оңайдың» бәрі іске келгенде сондай жеңіл емес екенін тағы бір дәлелдейді.

massaget.kz
29 қыркүйек 2019 ж. 736 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930