» » Тұмаудан сақтанудың бес әдісін білесіз бе?

Тұмаудан сақтанудың бес әдісін білесіз бе?

Күз басталысымен суық тиіп, тұмауратып ауырып жүргендер жетерлік. Егер қатты сырқаттанып қалсаңыз дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Дегенмен "ауырып ем іздегеннен, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс". Осы ретте KAZ.NUR.KZ тұмаумен ауырмаудың бес тәсілін ұсынады. 
Тұмауға қарсы екпе ектіріңіз
Өзіңді суықтан қорғаудың ең жақсы әдісі - алдын-ала екпе жасатып, организмді суық мезгілге дайындау. Емханаларда сізге вакцинаның бірнеше түрін ұсынады. Өзіңізге керегін таңдасаңыз болады.
Тазалық ережелерін сақтаңыз
Қоғамдық орындардан келген соң бактериялардан құтылу үшін қоглыңызды міндетті түрде жуыңыз. Тамақтанар алдында немесе ауырып тұрған адаммен байланысқан соң тазалық процедураларын жасауды ұмытпаңыз. Сондай-ақ бет орамалға немесе шынтақтың бүгілген жеріне түшкіруге тырысыңыз. Алақан инфекция тасымалдаушы болғандықтан аузыңызға жақындатпаңыз.
Ғимаратқа дезинфекция жасап тұрыңыз
Микробтар ыстық әрі ауа жоқ жерді жақсы көреді, сондықтан терзені жиі ашып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Арнайы ауаны ылғалдандыратын құралдарды алып, микробтардан арылып отырыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстану
Ішкен тамағыңызға мән беріңіз, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысыңыз. Денеге физикалық күш түсіру иммунитетің жақсы көмекшісі, пайдалы тағамдар организмге қажетті дәрумендерді береді. Тамағыңызға қызылша, пияз сынды көкөністерді қосыңыз.
Ұйқыңыз қанық болсын
Жақсы ұйқы - иммунитет үшін таптырмас дәрумен. Түнгі ұйқыңызды бір қалыпқа келтіріңіз. Ұйқысыздық сізден айналып өтуі үшін ванна қабылдап, шөптен жасалған шай ішіп, белгіленген уақытта ұйқыға жатыңыз.
13 қазан 2019 ж. 323 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930