Алматыда 20 жастағы мас жүргізуші екі адамды қағып өлтірді
Алматыда түнгі уақытта орын алған ЖКО екі адамның өмірін қиды. Көлікті қатты айдаған мас жүргізуші үш жеңіл көлікпен соғысты. Салдарынан алты адам жарақаттанды. Екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап, хабарлайды.
"Үш науқас біздің ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде ауыр жарақаттанған екеуі жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Сүйектен тарту жүргізілді. Бұл шок алуға қарсы жасалатын айлалы әрекет", — дейді ауруханадағы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ермек Желдібаев.ЖКО түнде, қала орталығында болды. Бағдаршамда қызыл түстің жанғанына қарамастан 20 жастағы жүргізуші қиылыстан өтіп кеткісі келді. Алдымен ол бірінші жеңіл көлікке, кейін екінші, үшінші көлікке соғылды. Соққының қатты болғаны сонша, бір көлік екіге айырылып кеткен. Екі адам оқиға орнында мерт болды. Жарақаттанған алты адам бірден ауруханаға жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. ЖКО-да кінәлі адам тұтқындалды. Ол түрмеге отырғызылады.
"BMW көлігінің жүргізушісі тұтқындалды. Наркологиялық сараптамадан өткізіп, уақытша қамауға арналған изоляторға кіргіздік. Ол тұтқындалды. Сәйкесінше сараптамалар жүргізіледі. Бірақ BMW жүргізушісінің кінәлі екені сараптама жасамай-ақ түсінікті. Жолда жүру ережелері сақталмаған. Заңға сәйкес 12 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", — дейді Алматы қаласындағы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сараптамадан 20 жастағы жүргізушінің мас әрі есірткі шегіп алғаны анықталды.
stan.kz