» » "Газ бен тежегішті шатастырған": Алматыда көлік тізгіндеген қыз жол реттеушіні қағып кетті

"Газ бен тежегішті шатастырған": Алматыда көлік тізгіндеген қыз жол реттеушіні қағып кетті

Алматыда көлікті тізгіндеген қыз қатты жылдамдықпен жол қозғалысын реттеушіні қағып кетті.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «СТВ» арнасының «Территория происшествий»бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 
Hyundai маркалы көлікпен келе жатқан қыз Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол реттеушіні қағып кеткен. куәгерлердің сөзінше, көлік Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта қозғалып бара жатыпты. Жол реттеуші қиылысты қозғалысты тоқтатып, жол қозғалысының өзге де қатысушыларын өткізіп жібермек болған. 
«Hyundai көлігін тізгіндеген қыз газ бен тежегішті шатастырып алған. Осылайша, жол реттеушіні қатты жылдамдықпен қағып кетті», - дейді куәгерлер. 
Ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 
15 маусым 2019 ж. 1 076 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930