» » Елімізде жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізілді

Елімізде жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізілді

Жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтар алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жүргізуші куәлігін алған кезде, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруді міндеттеуді көздеуде.
Бұл жаңашылдық "Халық денсаулығы" туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған.

"Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды", - деп түсіндірді Біртанов.

Оның сөзінше, стандартты курстар барлық өңірде жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған.
Яғни, медициналық көмек дағдыларын меңгеріп, сертификат алуға болады.

kaz.nur.kz
18 қазан 2019 ж. 619 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930