Нұр-Сұлтанда бір күнде 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды
9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында 70 астам жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департтаментігі баспасөз қызметінің мәліметінше, болған көлік оқиларының нәтижесінде бір адам жарақат алған. Сонымен қатар, департамент қызметкері жұргізушілерді қар жауған кезде көліктерін жолдың бойына қоймауды ескертті. Сөздерінше, жолдағы қарды тазалауға кедергі болған көліктер айыппұл тұрақтарына қойылады.
«Қар түсіп, көлік қозғалысы қиындаған жағдайда жолда аса мұқияттылықты сақтаған жөн. Әсіресе, жылдамдық, көліктердің арсындағы ара-қашықтық ескерілуі шарт. Көлік жүргізушілеріне жаздық және тозған дөңгелектерді қыс мезгілінде пайдаланбауы міндетті», - делінген департамент хабарламасында.
stan.kz