» » МЕН ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!

МЕН ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІБ тарапынан жарияланған сайысқа!

    Қоғам байлығы – адам, адам байлығы – денсаулық дейміз. Бірақ қоғамның өзекті мәселесінің бірі – нашақорлық екені белгілі. Есірткі адам денесін улап, зиянын тигізеді.
   Қызығушылықтан дәмін татып көрген адам айықпас дертке шалдығып, өмірге деген құлшынысын, арманын таптап өтеді. Есірткімен ажырамас дос болып, тәуелдігі күннен-күнге арта береді. Осылардан біз қалай құтыламыз? Адам өмірді жақсы көру керек. Өзін жақсы көрген адам өзіне қиянат жасамайды. Салауатты өмір салтын ұстанады. Тура жолдан адасып, түрлі ойын-сауық кештеріне бас сұқпайды.
   Өмірге деген құштарлық зор болса, өмірлік мақсатың, мәртебең өзің үшін айбыны асқақ болары хақ. Өз-өзіне сенімділігі берік болса, алдындағы тасты, тауды бұзарлықтай күш-қайраты артады. Әрбір жас өрі биік тұлға болуға бейімделсе, ешбір адам жаман жолға түспес еді. Күннен күнге шырмауықтай шырмалап, тамырлаған қатерден құтылар едік.
   Жалпы есірткіге құмарлық – қоғамның кеселі. Онымен барша жұрт қарсы күресуі тиіс. Оның алғы шебінде жастар бұдан бас тартуы қажет. Сол кезде жарқын өмірге бет аламыз. уақыт ағымы, заман талабына қарай күннен-күнге қоғам дамып келеді. Егеменді елдің, қазақ жерінің болашағы – жастар. Әр адамның денсаулығы өз қолында. Адами байлығымыз – денсаулығымызды түрлі зиянды заттардан аулақ ұстайық. Жас достар, нашақорлық пен есірткіден аулақ болайық!

Ақниет ӘМІРБАЙ,
№33 орта мектептің 8«а» сынып оқушысы.
05 желтоқсан 2019 ж. 2 021 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930