Темір тұлпар тізгіндеуге неге құмармыз немесе шетелден келетін көліктерге қашан шектеу болады?
Қазір елде не көп, жол апатынан келер қатер көп. Оған мысал іздеу ішін әріге бармай-ақ бір ғана Қызылорда облысында орын алған жол-көлік оқиғаларын тізе берсек, қажетті мәліметке қол жеткіземіз. «Адамды темір жейтін заман болады» деген Мөңке бидің мәйекті сөзіне мән беріп жатқан ешкім жоқ. «Сол заман осы екен» деп жүргізушілер де жүгенсіз кеткеннен, сақтансаң, сақтайтынын қаперге алса дейсің ғой. Жол апатының күрт көбеюіне не себеп? бұл жағдайды пікір білдірушілердің басым бөлігі елдегі көлік санының соңғы уақытта тым артуымен байланыстырады. Бұған біздің де еш таласымыз жоқ.
Қазақстанда жыл басынан қазан айына дейінгі мәліметке сүйенсек, 3 млн 709 мың 639 көлік бар екені анықталған. Оның ішінде шетелден келетін көліктердің де үлесі әжептәуір. Мемлекетімізге қандастарымыз әсіресе Ресей, Белоруссия, Армения, Қырғызстан мен Монғолиядан көптеп көлік әкелуде. Себебін сұрай қалсаң, бағасы біздегі нарықтан 2 есе қалтаға жеңіл, сапасы да айтарлықтай жоғары көрінеді.
Жеке тұлғаға жолда сыр бермейтін сапалы әрі бағасы тым қалтаға ауыр соқпайтын көлік болса, оның қай жерде тұрғаны маңызды емес. Қайтсе де қол жеткізудің қамына кіріседі, ал сырттан тасымалданатын көлік импортына тәуелді болу еліміз үшін үлкен шығын екеніне бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Кейбір шетелдік нөмірлі темір тұлпар тақымдаған жүргізушілердің елге келгеннен кейін көлігін кедендік рәсімдеуден өткізуді созбалаңға салып жүретіні тағы бар. Мақсат – салықтан жалтару. Бір жағынан жол жүру ережесін бұзған жағдайда да мемлекеттік тіркеуде жоқ әрі кедендік рәсімдеуден өтпеген темір тұлпар иесіне ішкі істер саласының мамандары айыппұл да толтыра алмайды екен. Мұндай мәселе бір жылдары болған, бірақ қазір жауапты министрлік сақтандыру полисін біріктіру арқылы аталған мәселенің алдын алды. Әйтсе де бұл жүйенің де мемлекетке пайдасы тиіп жатқаны шамалы.
Қазақстанда тек шетелдік нөмір таққан көліктердің қатысуымен былтыр 42 мың жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Сорақысы сол, бұл көрсеткіш биыл жыл аяқталмай жатып 73 мыңға жетіп отыр. Салдарынан 314 адам зардап шегіп, 58 адам қаза болыпты. Бұл жыл басынан бері Қазақстанда тек шетелдік нөмір таққан автокөліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының нәтижесі. Ал сырттан келген автокөліктердің жүргізушілері мемлекетке 900 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс болса, қазіргі таңда мұның тек 7 пайызы ғана өтелген. Яғни 800 млн теңге тұратын айыппұл құны әлі мемлекетке қайтарылмай отыр.
Мемлекетте жыл басынан қазан айына дейінгі мәліметпен қазіргі таңда қанша көлік бар екенін жоғарыда айтып өттік. Елдегі әрбір төртінші көлік Армения, Белоруссия, Россия мен Қырғызстаннан импортталатын көрінеді. Осы ретте «Шетелдік көліктер санының Қазақстанда күрт өсіп кетуінің себебі не?» деген сауал туындайды. Бірінші кезекте қалаған темір тұлпарың талапқа сай болса, Кедендік одақ құрамындағы елдер арасында көлік құралдары еш кедергісіз өте беретін көрінеді.
Көлік импортына тұтастай тәуелді болу мемлекет үшін үлкен шығын екені ақымаққа да аян. Тіпті бір жылдары Ресейдің төл ақшасы, яғни рубль құлдырағанда сыртқа автокөлік экспорттау арқылы аяққа тұрғанын жақсы білеміз. Ал Арменияның автокөлік саудасында алыпсатарлықпен-ақ экономикасы алға басты. Бұл елге темір тұлпарлар аукцион арқылы Германия, АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Кореядан келетін көрінеді. Оны сырт мемлекеттерге қайта сатуда тұтынушыға бағадан бастап барлық жеңілдікті қарастырып қойған. Тіпті кейбір елде рөлі оң жақта орналасқан көліктердің жүруіне рұқсат болмаған күннің өзінде армениялықтар сатып алатын машинаңның рөлін сол жаққа ауыстырып береді. Мұндай бірқатар жеңілдік құжат саласында да жетіп артылады. Мәселен, Арменияға туристік сапарға барсаңыз 50 күн ішінде атыңызға қандай мүлік сатып аламын десеңіз де құқылысыз. Бірақ бұл «Сол жақтан алған жылжымалы мүлікпен кез келген елде қалаған уақытыңызша жүре бересіз» деген сөз емес.
Осыдан біршама уақыт бұрын «Шетелден алған көлікті иесі кедендік рәсімдеуден өткізбесе, машинасын мемлекет тартып алады» деген қауесет желіде желдей есті. Бұл ақпарат жалған, десе де бәрі емес. Ішкі істер министрлігі шетелден келетін көліктерді онлайн түрде уақытша тіркеуге алу жөнінде заң жобасын әзірлеген болатын. Бірақ бұл тіркеуден тек Ресей мен Беларуссиядан келген көліктерді ғана өткізуге болады. Мұның тиімділігі мүлік иесіне салықтан жалтарудың қажеті жоқ. Себебі шетелден темір тұлпар сатып алған азамат мұнда кедендік БАЖ салығы мен утилизация төлеуге міндетті емес. Тек уақытша тіркеуден өтудің мерзімі аяқталғанда жаңартып отырса болғаны. Ал Армения мен Қырғызстаннан көлік алған адам жылжымалы мүлкін уақытша тіркеуден өткізе алмайды. Заң жобасында көрсетілгендей қос елден сатып алған көліктерге иесі мемлекеттік нөмір алуға міндетті. Бұл ретте көлік иесі кедендік БАЖ салығымен қоса утилизациялық жинақты да төлейді.
Қалай ойлайсыздар, «Министрлік жасаған заң жобасын одақтас қос мемлекеттің жауапты органдары қолдай қояды» деп айта аласыздар ма? Аталған заң жобасын жасауда әрине, жүйелілік бар. Одақтас елдердегі әріптестері мақұлдау үшін бұл жерде кедендік БАЖ салығы мен утилизациялық жинақтың құны алынып тасталып отыр. Десе де Ресей мен Белоруссия «Өз еліндегі салықтан жалтаратын тұтынушыларынан айырылып қаламыз» деп ойласа, бұған оң қабақ танытады деу қиын.
Сарапшылардың сөзінше, шетелден келетін көліктерге мұндай бірқатар талап қоюға Қазақстан әлі дайын емес көрінеді. Олардың да сөзін жоққа шығара алмаймыз. «Мемлекеттің өзі де көлік жасап жатыр, мұның бәрі отандық өнімді өткізудің амалы» дегенге қосылайын десең, осы импортқа тәуелділіктің өзі біздегі жаңа көліктерді жасап шығаруда да мәселеге айналып отырғанын көзіміз көріп отыр. Себебі біздегі компаниялар жаңа көлікті жасап шығаруда қажетті қосалқы құрылғылардың басым бөлігін сырт мемлекеттерден экспорттайды. Расында, алдымен осы мәселені ауыздықтамай қандастарымызға «Сыртқа сабыла бермеу керек» деу қисынға келе ме, мұны да ойлаған абзал. Сондықтан елде құрастырылатын көлік компанияларында кемінде қосалқы бөлшектердің 50 пайызын өзіміз өндіруге жұмыс жасауымыз қажет. Оның үстіне елімізде биыл көлік құны 6 пайызға қымбаттапты. Бұл жәй ғана бейресми дерек, ал сол Қазақстаннан алған көлігіңді сапа жағынан салыстырсаң, елде көлік құны мұнан әлдеқайда жоғарылағанын аңғарасыз.
Жыл сайын жол көлік оқиғасынан зардап шегушілер мен қаза тапқандардың саны артып жатса да біз осы темір тұлпар тақымдауға неге құмармыз? Осы көлік апатынан зардап шеккен адамдар саны қаншалықты көп болса, көлік алушылардың да саны еселеніп барады. Мәселен, биыл қазан айына дейін қазақстандықтар автокөлік сатып алуға 1 млрд доллар қаржы жұмсапты. Бұл көрсеткішті былтырғымен салыстырсақ, 19,9 пайызға артқанын аңғарамыз. Мұндай өсім салоннан сатып алынатын жаңа көліктер санында да байқалады. Мәселен, өткен жылы отандастарымыз 66 мың 692 жаңа көлік сатып алса, оның 32 мың 298-і өз жерімізде өндірілген. Ал биыл қазақстандықтар қыркүйек айына дейін 499,8 млрд теңгеге 51800 жаңа көлік сатып алған.
Біз мұнымен не айтпақпыз? «Байдың асын байғұс қызғанады» дей көрмеңіздер. Қазір сырт мемлекеттерден келген көліктерде заң талабына сай келмейтін тұсымыз көп. Мұны бір жүйеге келтірген дұрыс. Ал оны жасаушы кім, тағы да өзіміз. Әлгі заң жобасы мақұлданған жағдайда оның Қазақстан қазынасын еселеуде оң әсері болары сөзсіз. Рас, кедендік БАЖ салығы мен утилизация құнынан айырылатын шығармыз, десе де олардың мемлекеттік салық төлеуге міндеттілігін назарына саламыз. Айтпақшы, «Шетелден сатып алған көлігін онлайн түрде уақытша тіркеуден өткізген жылжымалы мүлік иесі қос мемлекетке бірдей салық төлейді» деген қауесет те тарап жүр. Бұл ақпараттың жалған екенін көпшіліктің назарына салғымыз келеді.
Отандастарымыздың сырт мемлекеттерден көлік сатып алуы Қазақстан үшін тиімсіз. Осыны да ойлаған жөн. Кейбірі тек өзі мінетін көлікпен шектеліп жатқан жоқ. Мәселен, бір ғана Армениядан біздің елден барушылардың кейбірі 30-40 көліктен алып кететін көрінеді. Алыпсатарлықтан Арменияға пайда бар. Себебі ол бір елден алып, келесі бір елге қайта экспорттап отыр. Ал біздің мемлекетке келген көліктер тек Қазақстанда қалып жатыр. Осыны да ескерген дұрыс.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ