» » Зейнетақыңды есепте: БЖЗҚ зейнетақы калькуляторын жаңартты

Зейнетақыңды есепте: БЖЗҚ зейнетақы калькуляторын жаңартты

Енді бәрі бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері Қордың ең танымал сервистерінің бірі – зейнетақы калькуляторын жаңартты. NUR.KZ тілшісі қазақстандықтар болашақ зейнетақылары қандай болатынын біле ме және салымшылар онлайн-калькуляторды пайдалана ма деген сұраққа жауап табу үшін кішігірім блиц-сауалнама жүргізді.

БЖЗҚ сайтындағы арнайы электрондық қызмет салымшыға келешектегі зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол мемлекеттік базалық зейнетақыны да, жасына байланысты зейнетақыны да, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан жүзеге асырылатын төлемдерді де көрсетеді.
«Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша ашылған жеке шоттар болған жағдайда, бағдарлама бұл шоттардағы барлық қаражатты жинақтайды. Есептеу нәтижесі пессимистік, реалистік және оптимистік деп аталатын үш сценарий бойынша шығарылады. Барлық үш нұсқа инфляцияның болжалды деңгейін және мүмкін болатын табыстылықты ескереді»,- деді БЖЗҚ-да.
Айта кететін жайт, БЖЗҚ мобильді қосымшасы көп жүктелетін қосымшалардың ішінде үздік ондыққа кіреді. Бүгінде оны 2,6 млн қазақстандық жүктеп үлгерген. Бұл ретте ең танымал қызмет – онлайн-калькулятор болып табылады.
«Мен БЖЗҚ кеңсесіне барып, логин мен құпиясөзді алдым. Енді үнемі Қор сайтына кіріп, ай сайынғы зейнетақы аударымдарымды тексеріп отырамын. Онлайн-калькулятор арқылы жанұямызбен бірге кімде қандай зейнетақы болатынын есептедік. Әрине, мұның барлығы алдын ала мәлімет. Дегенмен тым болмаса қартайғанда тұрақты әрі жақсы кіріс болатынын көз алдыңа елестете аласың», - деді Юрий Федоренко.«Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ веб-сайтынан немесе мобильді қосымшасынан бақылауға болатындығы туралы көп естігенмін. Бірақ тіркелуге уақыт болмай жүрді. Жақында БЖЗҚ-ға барып, интернет-хабарландыру тәсілі туралы келісім жасап, сайтқа тіркелдім. Аударымдардағы олқылықтарды да байқадым, ал оны бақылау өте маңызды екен. Қазір жұмыс берушімен бірге осы мәселені шешудеміз. Енді ай сайын бақылап отыратын боламын. Айтпақшы, келешектегі зейнетақыны есептеу қызметі де өте ыңғайлы, бірақ менде әзірге зейнетақы шотымдағы қаражат көп емес»,- деді Елена Завьялова.«Мен осы жылы ғана университет бітірдім, қазір жұмыс іздеудемін. Үйде ата-аналарым зейнетақы аударымдарын тексеріп отыру керектігін үнемі айтып отырады. Жұмысқа тұрған соң міндетті түрде аударымдарды бақылап отырамын. Зейнетақы калькуляторын пайдалану да өте қызық. Үйде міндетті түрде әке-шешеммен сайтқа кіріп көреміз», -деді Аяжан Құдайқұлова.
Айтпақшы, зейнетақысын есептегісі келетін адам туған күнін, жынысын, еңбек өтілін, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытын, жинақ ақшасының сомасын және айлық жалақысын енгізе алады. Егер тіркелу бұрын жүргізілген болса, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру жеткілікті. Сонда жинақ мөлшері автоматты түрде көрсетіледі.
«Мен зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болатынын естідім. Бірақ маған қате көрсетіп тұрған сияқты. Базада зейнетақы жүйесінің қатысушысы ретінде 2014 жылы тіркелгенімді көрсетіп тұр, ал менің еңбек өтілім 2012 жылдан басталған. Қазір осы мәселемен айналысудамын. Сайтқа кіргенім жақсы болыпты», -деді Любовь Гажарига.«Қазақстандағы зейнетақы реформасынан кейін барлық адам өздерінің зейнетақы аударымдарын жіті қадағалап жатыр. Мен қарттық шақты әлі алыста деп ойлаушы едім, көзді ашып-жұмғанша 38 жасқа келіп қалыппын. Қазір онлайн-калькуляторды жиі пайдаланамын. Өзімнің де, жұбайымның да кірістерін есептедім. Менде міндетті зейнетақы жарналарын Қорға жұмыс берушім аударады. Ал әйелім декреттік демалыста. Әзірге оның шотына ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрамыз», -деді Айрат Сабиров.
Калькулятордың жаңа нұсқасында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер қосылған. Жаңартылған зейнетақы калькуляторының ерекшелігі сол, мұнда қорытынды нәтижелер көрнекі сызба мен төлемдер кестесінің көмегімен көрсетіледі.


kaz.nur.kz
08 желтоқсан 2019 ж. 327 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930