» » Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Алдағы уақытта сот күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтап, түпкілікті шешімді шығарады.



stan.kz

19 желтоқсан 2019 ж. 409 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930