КОСМЕТИКАСЫЗ-АҚ КЕМШІЛІКСІЗ КӨРІНУ ҮШІН...
Қою қара қас, қайырылған қалың кірпік, жібектей жұмсақ шаш... «Бұларға тек қымбат косметикасыз ғана қол жеткізуге болады» деп ойлайтын аруларымыз аз емес. Десе де, ешқандай косметикасыз-ақ та кемшіліксіз көрінуге болады. Қалай екенін өзіңіз оқып көріңіз...
Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең аш қарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.
Кірпіктеріңізді ұзартып, қалыңдата түскіңіз келсе, үйде дайындалатын майға мән беріңіз. Таза құтыға майсана, бадам, күнжіт, ошаған майларын бірдей мөлшерде құйып, оған Е дәруменін (сақтау мерзімін ұзарту үшін) қосыңыз. Дайын масканы күнделікті жатар алдында құрғақ, таза кірпікке жағу керек. Бірер аптадан кейін-ақ нәтижесін байқайсыз.
Шашыңыз ұшталып, көп түссе, мына масканы жасаңыз. Бір ыдысқа 1 жұмыртқаның сарысын ½ стакан қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосып араластырыңыз. Оған 1 ас қасықтан майсана, кокос, авокадо мен жожоба майларынан қосыңыз. барлығын жақсылап араластырып, құрғақ шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бір сағаттан кейін басыңызды жуыңыз.
Қол терісі жұмсақ болсын десеңіз, қолға жағатын крем мен сіркесуынан бірдей мөлшерде алып араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Бірер аптадан кейін нәтижесі көңіліңізден шығатынына күмәніңіз болмасын.
Қара дақтардан тезірек арылу үшін бетіңізді күнделікті 3 рет лимон кесіндісімен сүртіңіз. Бетіңіздегі лимон шырыны өзі кепкен соң жылы сумен жуыңыз.
Жібектей жұмсақ, әлі жылтыр шаш арманыңыз ба? Ендеше, 1 банан мен 1 ас қасық зәйтүн майын блендермен езіп алыңыз. Оған 2 шай қасық бал мен 1 ас қасық қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосыңыз.барлығын жақсылап араластырып, дымқыл шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. 30 минуттан кейін шашыңызды жуыңыз. Арманыңызға әп-сәтте қол жеткізесіз!
Терінің түлеуі сәніңізді кетірді ме? Мұндайда алоэ шырыны жақсы көмекші болмақ. Ол үшін 100 г алоэ шырыны мен 3 шай қасық қайнаған су, 3 ас қасық спиртті араластырамыз. Бұл лосьонмен бет терісін күнделікті сүртіп тұру керек. Терідегі лосьон өздігімен кепкеннен (шамамен, 10 минуттан) кейін бетіңізді жуып, крем жағыңыз.
Тырнақты ағартып, беріктігін арттыру үшін оны лимонға салу да жеткілікті. Лимонды ортасынан екіге бөліп, тырнақтарыңызды ішіне 15 минутқа салыңыз.
Тісті ағарту үшін белсендірілген көмір (активированный уголь) таблеткаларын ұнтақтап, тіс пастасына қосыңыз. Бұл пастамен тіс жууға арнайы бөлек щетка алғаныңыз жөн.
reactor.inform.kz