» » Біртанов ұшақ апатында жараланған науқастар жайлы айтты

Біртанов ұшақ апатында жараланған науқастар жайлы айтты

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұшақ апаты салдарынан жарақат алған жолаушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кеше тағы үш адамды үйіне шығардық. Қазір ауруханада 46 науқас жатыр. Олардың қатарында тоғыз бала бар. Балалардың жағдайы тұрақты, барлығы жансақтау бөлімінен шығарылды. Өмірлеріне төнетін еш қауіп жоқ. Дегенмен тиісті ем қабылдаудан өтулері қажет. Бұл жағдайды денсаулық сақтау министрлігі өз қадағалауына алған. Ересектерге келетін болсақ, ауыр науқастар бар. Жансақтау бөлімінде жеті адам жатыр. Олар 4-ші қалалық ауруханасы мен облыстық емханалық ауруханасында жатыр. Бір науқастың жағдайы тіпті алаңдатады. Оның біраз сүйегі сынған, қазіргі таңда жасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Ол жерде біздің ғылыми орталықтардан келген ең үздік дәрігерлер жұмыс атқаруда, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ем шаралары жоспарланды", - деді Біртанов. 
Бұған қоса министр екінші пилоттың жағдайы туралы айтып берді.
"Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатыр. Сүйектері сынғандықтан, бірнеше ота жасалды", - деп аяқтады сөзін министр. 

stan.kz

30 желтоқсан 2019 ж. 427 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930