» » Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?

Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екі жұмыста істейтіндердің жарнасы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қор басшысы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, екі жұмысты қатар алып жүрген азаматтардың жарнасы екі жақтан да төленеді. Бірақ оның көлемі белгілі бір сомадан аспауы тиіс.
"Жарна табыстың көлеміне қарай төленеді. Сондықтан екі жұмыс болса, екі жақтан да аударылуы шарт. Бірақ нақты шектеу бар. Жарнаның көлемі 6 мың теңгеден аспауы тиіс", - деді Жұмағұлов астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды. 
Медициналық сақтандырудың негізгі талаптары:
  • Жұмыс берушілердің жарнасы 2%-ке (әрбір жұмысшыға табысына қарай) өсті;
  • Жеке кәсіпкерлер де қарамағындағы қызметкерлерге 2% жарна төлейді;
  • Жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 1% медициналық қорға аударылады. Бір жылдан кейін осы жарна екі есеге артады;
  • Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарна аударуды бастайды;
  • Санатқа жатпайтын тұлғалар ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады;
  • Жеке тұлғалар да жарна төлеуді бастайды;
  • Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс тауып жүрген азаматтар алдымен 1% төлейді. Ал 2021 жылдан бастап 2% көлемінде жарна аударады.
Тегін медициналық көмек түрлері қала береді. Соның ішінде жедел жәрдем, санитарлық авиация және тағы басқа қызметтер бар. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында қымбат қызметтер қолжетімді болады, дейді министрліктегілер. 
07 қаңтар 2020 ж. 370 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930