» » Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан.

Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған
Риддерде жертөледе қалып қойған кенші құтқарылды, деп жазады Тengrinews.kz.

Оқиға 5 қаңтарда күндізгі уақытта болған. "Қазмырыш" ЖШС Риддер-Соколь кенішінің 12-штрегінің 15- қабатындағы тау-кен массасы жауып қалған. Сол уақытта бұрғылаушы жұмысын істеп жатқан кезде қабырғаның артында қалып қойған.

Оқиға орнына бірден іздестіру және құтқару қызметі келген. 6 қаңтарда сағат 05:50-де ер адаммен байланыс орнатылған.

Құтқарушылар кеншілермен қарым-қатынас жасай алатын жерді бұзып, оған тамақ жеткізген. Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан. Олар ер адамды құтқару үшін 8 метр үйіндіні бұзған. Кенші 7 қаңтарда сағат 03:54 шамасында құтқарылды. Ол Риддердегі ауруханаға жеткізілді. "Құтқару операциясының штабы көмектескен барлық адамға алғыс айтады. Болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге комиссия құрылды", - деп мәлімдеді "Қазмырыш" ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы.

ernur.kz


08 қаңтар 2020 ж. 357 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930