» » "Бүйрегімді алып тастады": Ақтау тұрғыны полицейлерден жәбір көрдім деп арызданды

"Бүйрегімді алып тастады": Ақтау тұрғыны полицейлерден жәбір көрдім деп арызданды

жәбір көрген

Ақтау тұрғыны полицейлер тарапынан жәбір көрдім деп отыр. Сөзінше, тәртіп сақшылары ер азаматты аяусыз ұрған, салдарынан оның бүйрегі жұмыс істемей қалған. Бұған қоса 20 жастағы жігіт полицейлердің 300 бас қой ұрланған қылмысты маған іле салғыс келді дейді. Ақыры қорлыққа шыдамай ол қылмысты өз мойнына алуға мәжбүр болған. Ал қазір болса өзінің кінәлі еместігін дәлелдегісі келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Осыдан екі апта бұрын ғана Ерасыл Қарашолақов өзінің мектептегі ұстазын құттықтамақшы болып барған. Жігіттің бұл әрекеті немен аяқталатынын үш ұйықтаса да түсіне кірмеген көрінеді. Мүгедек болып қалдым деп қамыққан азамат полицейлердің қолынан түсіп, олардың тарапынан бірнеше рет соққының астында қалған. Тәртіп сақшылары оған 280 бас қой ұрланға қылмысты іле салмақшы болыпты. Өзінің кінәлі еместігін айтып ақталған жігітке сенбей полицейлер оны көк ала қойдай етіп сабапты. 
"Маған 280 бас қойды ұрлағанынды мойында деп тепкінің астында алды. Ұрып жатыр, ұрып жатыр бір кезде тұра алмай қалдым. Бүйрегім тұсымнан бірнеше соққы алдым. Өлім қаламын деп қорыққандықтан кінәні өз мойныма ала салдым. Абақтыда мені сабап жатқандары түскен видеода бар, ұрып біткен соң, мені дәлізге лақтырып тастады. Сонда біраз уақыт бойы жаттым", - дейді күдіктіден жәбірленушіге айналған Ерасыл Қарашолақов. 
Ерасылдың анасы полицейлер баласының бүйрегінің тепкен соң, істемей қалды деп шырылдайды. Соның кесірінен бүйрегіне ота жасалып, алынып тасталыпты. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар екен. Бұған қоса қамыққан ана сақшылардың баласын бостандыққа шығу үшін қанша ақша талап еткендігін де айтыып берді. 
"Тергеуші, нан ұстап, Құран ұстап ант етейін, 5,5 миллион теңге талап етті. Ақша әкеп берген соң көре жатармыз деп жауап қайырды",- дейді Ерасылдың анасы Гүлнәр Трапбекова. 
Өзінің ұрлыққа қатысы барын Ерасыл о бастан жоққа шығарған. Оның қорғаушысы 280 қойды жігіттің жалғыз өзі ұрлап кетуі миға қонымсыз нәрсе екендігін жеткізді. Бұл іс арнайы дайындалып, бірнеше адам болып бірігіп атқарылатын нәрсе дейді ол. 
"Қойлары жоғалған адамдар ұрлықшылардың артынан қудық деп отыр. Ұрлықшылар "Нива" автокөлігімен қашыпты-мыс. Ал қуғыншылардың астында "Джип" маркалы көліктер болыпты. Қалай жете алмай қалған десеңізші", - деп мәлімдеді адвокат Қаршыға Көшкінов. 
Қазіргі уақытта полицейлер шынымен де өздерінің қызметін асыра пайдаланғаны анықталып жатқан көрінеді. 
"Қарашолақовтың дене жарақаттарын алғаны жайлы іс тіркеліп, тәртіп сақшыларының әрекеті текксерілуде", - деді Маңғыстау облысы ПД-нің баспасөз-хатшысы.
Ерасылдың қорғаушысының сөзінше алғашында дәрігерлер жәбірленушінің дене жарақаттарын тексеріп, анықтай алмапты. Ал келесі күн 20 жастағы жігіт ауыр отадан бірақ шыққан. Дегенмен ақтаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс тоқтатылмапты. Ол 5-10 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

stan.kz

11 қаңтар 2020 ж. 583 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930