Жаңғақты тоқаш
Қажетті заттар:
Қамыр үшiн:
/// 500 грамм ұн
/// 70 грамм қант
/// Жарты шай қасық ас тұзы
/// 10 грамм құрғақ ашытқы
/// 250 мл жылы сүт
/// 80 грамм сары май
/// 1 ас қасық күнбағыс майы
/// 1 дана жұмыртқа
/// ванилин
Салма үшiн:
/// 50 грамм сары май
/// 200 грамм ұнтақталған грек жаңғағы
/// 80 грамм қант
/// 50 мл сүт
/// 1 шай қасық корица
Дайындау тәсілі:
- Жаңғақты тоқаш пiсiру үшiн алдымен қамырды дайындау керек.
- Үлкен ыдысқа ыстық сүт құйып, ашытқыны, қант пен ванилиндi салып араластырыңыз.
- Жұмыртқа қосып былғаңыз. Осы сұйықтыққа тұз бен сары май қосып және ұн салып қамыр илеңiз. Қамырды жылы орап, жылы жерге 2 сағатқа қойыңыз.
- Табаға сары май құйып ерiтiңiз де қант пен ұнтақталған грек жаңғағын салып қуырыңыз.
- Аздап сүт құйыңыз, қоспа ботқа тәрiздес болуы керек.
- Қамырды төртбұрыш етiп жайыңыз. Бетiне жаңғақты салманы салып, бүктеңiз. Бiрнеше бөлiкке бөлiп кесiңiз. Әдемi пiшiнге келтiрiңiз.
- Қалыпқа арнайы қағазды салып, тоқаштарды жайғастырыңыз. Тоқаштардың бетiне жұмыртқа сарыуызын жағып, 25 минут 200 С-та қыздырылған пешке салып пiсiрiңiз.
http://ernur.kz