» » Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тоқтатылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тоқтатылды

3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе тасымалы уақытша тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай ҚХР-да жаппай коронавирус індетінің таралуына байланысты екен. Екі ел арасындағы әуе байланысы қашанға дейін тоқтатылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

эйр астана

Министрліктің мәлімдеуінше, 27-қаңтардан бастап Алматы - Нұр-Жолы - Үрімші, Өскемен - Майқапшағай - Үрімші, Жаркент - Қорғас - Құлжа, Аягөз - Бақты - Зимұнай бағытындағы автобус қатынасы тоқталыған. Ал 1-ақпаннан бастап әуе тасымалымен бірге Қытайға бағытталған жолаушылар пойыздары да тоқтатылыпты. 

Бұған дейін ҚХР-да жарияланған карантинге байланысты Ухань қаласынан 83 қазақстандық азаматтар мен армениялық, қырғыз мен беларусиялық 24 азамат эвакуацияланған еді. 

Қазақстаннан Қытайға Нұр-Сұлтан және Алматы мен Бежің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкео қалаларының арасында отандық Air Astana, SCAT және қытайлық  China Southern Airlines, Air China әуе тасымалдаушылары қатынайтын еді. 

Министрлік өкілдері 2020 жылдың 3 ақпанынан кейін Қытайға сапар шекпекші болып, әуе билетін сатып алған тұрғындарға оны кері қайтару қажет деп айтты. 

"Билет сатып алуға кеткен сома айыппұлдық санкциясыз толығымен қайтарылатын болады", - делінген ресми хабарламада. 
03 ақпан 2020 ж. 316 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930