Атышулы “Қалаулым” бағдарламасы жабылатын болды
Еуразия бірінші арнасында көрсетіліп жүрген атышулы «Қалаулым» бағдарламасы жабылатын болды. Басталғалы қазақстандықтардың сынына ұшыраған бағдарлама қазақ жігіттері мен қыздарына тән емес тәрбие көрсетіп жүр деп халықты бір шулатып алды.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Көптің көңілінен шықпаған атышулы бағдарламаның жабылатынын Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Ол Иә! “Қалаулым” бағдарламасы жабылатын болды. Құтты болсын, Қазақ елі! деп сүйінші сұрады.
Сонымен қатар осының дәлелі ретінде «Қалаулым» бағдарламасы 2018 жылдың 25 сәуірінде жабылады деп жазылған құжатты жариялады.
«Мирас» республикалық кеңесі ұсынған құжатта бұл бағдарламаның шет елдің ескірген телебағдарламасының көшірмесі екені баяндалған. Сондай-ақ ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасының ары қарай жұмыс жасауына шектеу қойылады деп жазылған.
Кейбір жастарымыз қоштайтын, ал басқалары не деген тәрбиесіздік деп сынға алған бағдарламаның жабылғанына көпшілігі қуанып отыр. Желі қолданушылар бұл жаңалыққа қуанғандары сонша 25 сәуірді асыға күтеміз деп пікір қалдырған. Бір сөзбен айтқанда қазақстандықтардың басым көпшілі мағынасыз бағдарламаның жабылатынын бір ауыздан қолдап, өз ойларымен бөлісті.

http://stan.kz