Қазақстанның ашық кітапханасы жаңарды
Қазақстанның ашық кітапханасы жаңарды, деп хабарлайды Рауан Кенжеханұлы фейсбук парақшасында.www.kitap.kz -тің 5 жылда жинаған қоры:
- әр автор немесе мұрагерімен келісе отырып 10 000 электронды кітап жасалды;
- танымал дикторлар және әртістердің дауысымен 1 500 аудиокітап жазылды;
- архивтерден аланған 200 көне және сирек кітаптың электронды көшірмесі жасалды;
- өнер саңлақтарының өз дауысы жазылған 300 грампластинканың көшірмесі дайындалды;
- 120 мың сөз бен сөз тіркесін қамтитын қазақ тілінің электронды әмбебеп сөздігі жасалды;
- TED конференциясының 500-ден аса таңдаулы лекциясы қазақшаға аударылып, дыбысталды;
- әдебиет пен мәдениет тақырыбына арналған жүздеген мақала мен интервью жиналды;
Жаңарған платформа осы қазынаны бұрынғыдан да жарқырата көрсетіп, қолданысты ыңғайлы ете түсті.
Келіңіздер, көріңіздер! WWW.KITAP.KZ
Осы қыруар жұмысқа атсалысқан барлық әріптестерге мың алғыс! РАХМЕТ Сіздерге!