» » Қостанайда шығарылған автокөліктер Өзбекстанға экспортталады

Қостанайда шығарылған автокөліктер Өзбекстанға экспортталады

2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.



Қостанайда шығарылған автокөліктер Өзбекстанға экспортталады



Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ташкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның 2-ші аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қос елдің Үкімет басшылары қатысқан жиында агроөнеркәсіптік, өнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Айтулы шарада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің автокөлік шығару саласын таныстырды.

«Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жетті. Форумда 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әріптестік аясында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген автомобильдерді сату және экспорттау үшін «Avtosanoat invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Группа компания Аллюр» АҚ арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Айта кетейік, былтыр Қостанай облысында 26 мыңға жуық көлік құрастырылған.


27 ақпан 2020 ж. 299 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930