» » Қазақстан мен Ресей тағы бір меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Ресей тағы бір меморандумға қол қойды


25-ші MITT Мәскеу халықаралық туристік көрмесінде Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Ростуризм Ресей федералды агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тарапынан келісімге Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, ал Ресей тарапынан – Ростуризм басшысы Олег Сафонов қол қойды.
Меморандум екі елдің туризм саласын дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық турларды бірлесіп дамытуға және инвестициялық жобаларға қатысу мәселелерін шешеді.
Kazakh Tourism өкілі мәлім еткендей, қол қойылған құжат мемлекеттердің туризмді дамыту бағытындағы қарым-қатынасына серпін бермек.
Сондай-ақ, 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол жеткізілді.


Дереккөз: kazinform.kz
14 наурыз 2018 ж. 871 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 659

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31