» » ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІҢ БҰЛ КЕСЕЛДІ ДЕ ЖЕҢІП ШЫҒАРЫНА СЕНЕМІН

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІҢ БҰЛ КЕСЕЛДІ ДЕ ЖЕҢІП ШЫҒАРЫНА СЕНЕМІН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустың таралуымен күресу кезінде тұрғындарды Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан қолға алынған шараларды қолдауға шақырды. Өздеріңізге белгілі қазақ халқы талай сындарлы сәттерді, қиындық пен ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ бірлігі бекем һәм дархан халық бәрін жеңіп шықты, сабырлық танытты. Біз – осындай текті де қайсар елдің ұрпағымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да елдің хал-ахуалы, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдай мәз болмағанын білеміз. Сол кезеңде Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының нәтижесінде ел болып қиындықты еңсердік. Бүгінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда әлемде түрлі оқиғалар болып жатқаны жасырын емес. Қытайдың Ухань қаласынан шыққан індет әлемді шарпыды. Өкініштісі бұл вирус қазақ елін де айналып өтпеді. Осындай ауыр кезеңде Елбасы халқына үндеу жолдап, барлық қазақстандықты Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдағанын күнделікті газет-журналдардан оқып отырмыз. Мұндай жағдайда төтенше жағдайдың жариялануы да маңызды және қажетті қадам деп білеміз. Ондағы мақсат біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау екені белгілі. Ынтымағы жарасқан елдің бұл кеселді де жеңіп шығарына сенемін. Әлемді алаңдатқан короновирусты ауыздықтауға ел болып атсалысуға шақырған Н.Назарбаев: «Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынамын» деді. Бірлігі бекем ел жұртын әлемде тараған індет алқымнан алған кезде жұдырықтай жұмылып, қиындықтарды бірге еңсеруіміз керек. Байна НАРШАЕВ, Жалағаш ауданының ардагері.
20 наурыз 2020 ж. 625 0