» » Бос уақытта қандай ермек іспен айналысса болады?

Бос уақытта қандай ермек іспен айналысса болады?

Қолөнер Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. Қолымнан келмейді десеңіз, танымдық кітап-журналдарды ақтарып, үйреніп алуға ұмтылыңыз. Гүл өсіру Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмайсыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз. Коллекция жинау Бала күні кәмпит қағаздары мен сүйікті әртісіңіздің суреттерін жиыстырған боларсыз. Сол сәттерді еске түсіріп, өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар сияқты дүниелерді жиыстырып, өзіңіздің коллекцияңызды толықтырыңыз. Үй жануарларын асыраңыз Аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. қалаған үй жануарларын асыраңыз. Үй жануарыңызға күтім көрсетіп, бос уақытыңызды оны асыраумен өткізіңіз. Блог жүргізіңіз Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ой-толғауларыңызды жазып, өзгелердің пікіріне зер салыңыз. Әр түрлі тақырыптарды қозғайтын форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз. Спортпен шұғылданыңыз Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, секіртпемен жаттығулар жасаңыз. Қандай ермек іспен айналыспасаңыз да, ол әуелі, сізге ләззат әкелу керектігін ұмытпаңыз. Ермек істер жаныңызға рахат сыйлап қана қоймай, бос уақытыңыздың қызықты өтуіне жол беруі керек.
Бос уақытта қандай ермек іспен айналысса болады?
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/4337
28 наурыз 2020 ж. 345 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930