» » Кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты шектелді

Кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты шектелді

29 наурызда облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ә.Әбдіқайымованың инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған қаулысы шықты. Қаулыда көрсетілген кәсіпкерлерге қажетті ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.  
«Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, микроавтобустар, таксилер т.б. автокөліктермен  жолаушылар тасымалдау жұмыстары арнайы  ескертпеге дейін 30.03.2020 жылғы сағат 00.00-ден бастап тоқтатылсын.
Облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары арнайы  ескертпеге дейін 30.03.2020 жылғы сағат 00.00-ден бастап  тоқтатылсын.
Автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар жұмыстары арнайы  ескертпеге дейін 30.03.2020 жылғы сағат 00.00-ден бастап  тоқтатылсын.
Санитариялық  және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік минимаркеттер, дүкендер сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар (сұлулық салондар, ательелер, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру, вулканизация, көлік жуу бойынша қызмет көрсету орындары, ломбарттар) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сонымен қатар автокөлік және оның бөлшектерін, тұрмыстық-техника, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары т.б. азық-түлік емес заттар сататын оырндардың жұмыстары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге шектеу қойылсын», - делінген қаулыда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
30 наурыз 2020 ж. 425 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30