Орталық клиникалық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды

Ол 1957 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы мемлекттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті), Мәскеу қаласындағы Проктология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
Қызылорда облыстық ауруханасында және Алматы қаласындағы №1 клиникалық ауруханасында хирург, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант, Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында проктология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментін басқарды. Қазақстан проктолог-дәрігерлер қауымдастығының президенті.
Еске салсақ, 14 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылған еді.