Әдеп кодексі – тәртіп тұғыры
Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің эмиджін арттыруға, этикалық нормаларды сақтауға үндейді. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер этика талаптарын сақтауға міндетті. Сондықтан олардың бойынан коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық және логикалық қасиеттер табылуы қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде аталып өткендей Мемлекеттік қызметшілер – адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға және тағы басқа осы сияқты бірқатар әдептілікке негізделген ережелерді сақтауға міндеттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетушілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет.
Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы қажет.
Куляим КАИПБАЕВА,
«Қазынашылық» басқармасының бас маман-бас қазынышысы