Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген.
1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған.
1988-1993 жылдары – Қызылорда қалалық «Қызылордақұрылыс» тресті ЛКСМ комитетінің хатшысы, Қызылордақұрылыс трестінің «Мақсат» шағын кәсіпорнының инженер жабдықтаушысы, 1993-1995 жылдары – Қызылордақұрылыс трестінің «Айбек» шағын кәсіпорнының директоры, 1997-1999 жылдары – Ақмаржан» АҚ филиалының «Реалбазасы» директоры, 1999-2010 жылдары – «Жабдықтау» ЖШС бас директоры.
2010-2013 жылдары – Оңтүстік өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманы, 2013-2015 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары – Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының басшысы болып жауапты қызметтерін атқарған.
2019 жылдан осы кезге дейін Қылылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.