» » Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар анықталды

Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар анықталды

Коронавирустықа шалдықпайтын адамдар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

Бұл туралы Nature журналында жазылыпты. 

2003 жылы атипиялық өкпе қабынуын жұқтырып, емделіп шыққандардың коронавирусқа шалдықпайтыны белгілі болды.  

Ғалымдар SARS-CoV вирусын бұрын жұқтырған адамдардың денесінде  түрлі антиденелер түзілетінін айтады. Өз кезегінде бұл антиденелер ағзаны коронавирустың жаңа түрінен қорғайтын көрінеді. 

Бұған қоса зерттеушілер S309 антиденесі SARS-CoV-2 вирусын белсенді түрде бейтараптандыратын қасиетке ие екенін анықтапты. Яғни ауыр респираторлы синдромына шалдыққандар коронавирусқа төтеп бере алады екен. 

Мамандар бұл зерттеу нәтижесі COVID-19-ды емдеу барысында қолдануға болатынын айтады. Алдағы уақытта олар бойында коронавирусқа қарсы антидене табылған адамдардың плазмасын жағдайы ауыр науқастарға құю арқылы емдемекші
20 мамыр 2020 ж. 407 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 033

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30