АЗАМЫН ДЕП, ТОЗЫП КЕТПЕҢІЗ
Денедегі артық салмақтан арылу үшін қол қусырып қарап отырып армандау жеткіліксіз. Егер сіздің толықтығыңыз туа бітті болмаса, онда арықтау үшін мүмкіндіктеріңіз көп болмақ. Алдымен артық салмақтан арылу үшін диетаның көмегіне жүгініп көріңіз. Дұрыс таңдалған диета сізге көмектесуі әбден мүмкін.
Диетаның түрі көп. Бірақ, денсаулығыңызға аса мән бергеніңіз жөн. Себебі, денсаулық сақтау саласының мамандары артық салмақтан арыламын деп, оңды-солды әдістерді қолданып, не болмаса күні бойы нәр татпай жүргендердің айықпас науқасқа шалдығып қалуы мүмкіндігін ескертеді. Қысқасы, артық салмақ неден болады? Осыны ойлаған дұрыс секілді. Артық салмақ тағам талғамағаннан, майлы, қуырылған жеңіл-желпі тамақтана салғаннан, газды сусындарды көп ішкендіктен жиналады. Ең дұрысы, диетологтар фитнес залдарға барып уақытылы жаттығумен айналысуды және тамақтану мерзімін бір жүйеге қоюды ұсынады. Егер фитнес залдарға баруға қалтаңыз жұқа болса, үй жағдайында да жасалатын жаттығулармен орын ауыстыруға болатынын айтпақпыз. Жаттығуларды таңертең жасаған тиімді. Бірақ, нәтижесін тез көргім келеді деп, денсаулығыңызға зиян келтіріп алмаңыз. Бұл әдісті терең тыныс алудан, қолды көтеріп-түсіруден бастаған абзал. Аяққа арналған жаттығулардың ішінде велосипед тебу, бір орында тұрып секіру мен орында тұрып жүру жақсы көмектеседі. Ең бастысы, асықпаңыз, сабырмен, ақылмен жасаңыз. Міндетті түрде нәтижесін көретініңіз анық.
Ескере кететін жайт, қанша толық болсаңыз да салмақ азайтатын дәрі-дәрмектерді қолданудан аулақ болыңыз. Естіп-көріп жүргеніміздей, дәрілік заттардың салмақ тастауда аса пайдасы жоқ. Салмағыңыз сіз ойлаған көрсеткіштен де төмен түсіп кетуі мүмкін. Ақырында, дәріңіз ем емес, дертке айналмасын. Қысқасы, азамын деп, тозып кетуіңіз ғажап емес.