ТЫРНАҚ БАР ЖЕРДЕ, ТАЗАЛЫҚ ЖОҚ

Әріге бармай күнделікті бой дәретін айтсақ та жеткілікті. Тырнақ астына су кірмесе, тазалық жоқ. Қабат-қабат жағылған гелді нәрсе тырнақ арасына ауа жібермей, жан-жағын мықтап бітеп, ақырында тырнақ зеңін тудыруы ықтимал. Саусақтарыңыз уақытша әдемі көрінгенімен, айтарлықтай зияны қалады. Тырнақ гелді бояудан кейін әлсіз, тез сынғыш, өте құрғақ болып кетеді. Қалыпты сырт келбетін де жоғалтады. Себебі, гелді лак өздігінен кеппейді. Оны ультракүлгін сәулемен кептіреді. Осы кезде тырнақтың беткі қабаты еріп, жақпамен бірге қатады. Кейін гелді бояуды кетірген кезде осы беткі қабатынан да айырылып қаласыз. Осы бояуды жиі қолдансаңыз, тырнағыңыз біртіндеп жұқара түседі. Мамандардың сөзіне сүйенсек, тырнаққа жасалған әр маникюрдан кейін кем дегенде 3 ай үзіліс жасаған дұрыс. Әдеміліктің артынан қуып, әлекке түсіп қалмаңыз. Барлығы өз қолыңызда.