» » 5 мың жас маман тұрғын үйге бюджеттік несие алады

5 мың жас маман тұрғын үйге бюджеттік несие алады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халықпен есептік кездесуде "Дипломмен ауылға" жобасы аясында жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Ауылдық жерлерге мамандарды тарту үшін "Дипломмен ауылға" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмыс істей бастады. Бұл - мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, сондай-ақ ветеринарлар мен агрономдар", - деді Руслан Дәленов.

Министрдің сөзінше, бұл азаматтарға тұрғын үйге бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 

"Оның ең жоғары сомасы жыл сайын ұлғаяды. Бүгінгі күні ол 4,1 млн теңгені құрайды. Несие мөлшерлемесі 15 жылға несие беру мерзімімен небәрі 0,01% құрайды", - деп толықтырды ұлттық экономика министрі. 

Ол сондай-ақ жоба аясында жас мамандарға бюджеттік несие берілетінін атап өтті.

"Биыл тұрғын үйге бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларымен тағы 5 мың жас маман қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жастар жылы" аясында қаржыландыру көлемі тоқсан сайын артып, биылғы жылы 20 млрд теңгені құрайды", - деді Руслан Дәленов.


08 маусым 2020 ж. 289 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930