» » ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ҚОҒАМ ТЕҢДІГІ

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ҚОҒАМ ТЕҢДІГІ

Бүгінде елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру жолында әйелдердің мүмкіндіктерін дамыту, ер мен әйел азаматтарының еңбек жағдайларын теңестіру, сондай-ақ бизнес, саясат және мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтауда тең құқық беру аясындағы жұмыстар белгілі бір жетістіктерге жетті.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейтiнін айта кеткен жөн. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Ол адамдар мен азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.
Ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Бүгінде елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазір әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық саласында ер-азаматтармен қатар еңбек етуде. Олар қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, еліміздің кемел келешегі үшін өз үлестерін қосуда.
Әйел заты қазақ қоғамы үшін қашанда ардақты саналған. Бүгінгі таңда әйелдер ошақ басындағы қазанның құлағында емес, денсаулық сақтау, ағартушылық жүйесінің, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ бизнестің де құлағын ұстағанына қарамастан отбасының жарасымдылығына көп үлес қосып отырғаны жасырын емес.
Әйелдер қауымын әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы деп бағалаймыз. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады. Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.

Рахат АҚҚАСЫНОВ,
аудандық соттың бас маманы


13 маусым 2020 ж. 677 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930