» » «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

Республика көлемінде әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан  аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын-алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және  зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.  
Профилактикалық есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру  жұмыстары  іске  асырылуда.    
Полиция қызметкерлері өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді халық көп шоғырланған (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда, базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіріп, таратуда.  
Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары  Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»     Заңын түсіндіру жөніндегі буклеттерді үлестіре отырып, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралауда.
01 желтоқсан 2018 ж. 1 484 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930