» » 30 жыл бала көтере алмаған 49 жастағы әйел егіз баланы өмірге әкелді

30 жыл бала көтере алмаған 49 жастағы әйел егіз баланы өмірге әкелді

Алматы қаласының тұрғыны Қансұлу Әбдімұратова 30 жылдан соң өмірге егіз ұл баланы әкелді. 49 жастағы әйел 50-ге қараған шағында екі баланың анасы атанды.



Бұл туралы "Ниет" бағдарламасында айтылды.

Қансұлу Әбдімұратова 30 жыл бұрын тұрмыс құрғанын айтады. Өзі көпбалалы отбасынан шыққан. Көп баланың анасы атанғысы келгенімен 30 жыл бойы бала көтере алмады. 1992 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған. Қазір жасы 54-те. Бастапқыда сауда-саттықпен айналысқан ол қазір Алматыдағы асханалардың бірінде жұмыс істейді. 

"30 жыл бойы баласыз өмір сүру деген, бала көтере алмау деген ең ауыр дүние. Оны басынан кешкендер түсінеді. Кей дәрігер бала сүйе алмайтынымды айтты, кейбірі үміт барын айтты. Қаралмаған, бармаған жерім қалмады. Кейде үміттеніп қайтамын, кейде  тауым шағылып қайттым. Күйеуім екеуміздің де денсаулығымызда кінәрат болған жоқ. Алайда бала сүю бақыты бұйырмады. Сондықтан күйеуімнің бағын байламайын деп оны өз еркіне жіберіп көрдім. Бірақ ол "басқа жазылған сынақ" деп мені жібермеді. Екіге айырылысып кеткен жоқпыз", - деді ол.

Қансұлу Әбдімұратова 49 жасында егіз сәби көтеріп, оны кесір тілігі арқылы өмірге әкелді. Қуанышында шек жоқ. Аллаға сансыз шүкіршілігін айтады. Екі батырына Айбарлы, Асқарлы деген ат қойған. Қандай жағдай блмасын құдайдан үміт үзбеу керек екенін айтады. 

"Бұл үлкен той, үлкен қуаныш, менің ғана емес, отбасымның, барлық ағайынның үлкен қуанышы болды", - деді ана атанған әйел.

stan.kz
 
15 маусым 2020 ж. 266 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930