"Ақшасы көптің мүмкіндігі көп": Қазақстандықтар үкіметті коронавирусқа тестті тегін қылуға шақырды
Қазақстандықтар елде организмде коронавирустық инфекцияны анықтайтын тесттерді өткізуге қатысты наразылықтарын білдіріп жатыр. Қазіргі уақытта науқаспен байланысқа түскендердің өздеріне тексерілу қиынға соғып жатыр, емханаларға түскен өтініштер толастар емес. Тестті ақылы түрде өтуге болады, ПЦР анализ бағасы 10 000-нан 20 000-ға дейінгі аралықта.
"Халықты тесттен тегін өткізу керек", деп көпшілік әлеуметтік желіде үкіметке өз позицияларын ұсынды.
Covid-19 тестін ақылы түрде өту әлеуметтік теңсіздіктің үлгісі, дейді олар.
"Ақшасы бар адам өз уақытында тексеріледі және оң нәтиже алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра отырып, алдын алу шараларын қабылдайды. Сонымен бірге кімнің тестке қаражаты болмаса, емханаларда уақыт құртатын болады, сол арқылы өз жағдайын, диагнозын анықтау барысында жанындағылардың күйін ушықтыра түседі. Немесе мүлдем тексерістен өтпей ауруханаға жағдайы ушыққан күйі түсетін болады. Қажет жағдайда адамдар тесттен тегін өтуі тиіс деп есептеймін. Мүмкіндіктерді теңестіру керек", - деп жазды Рүстем Жансейітов Facebook-тегі парақшасында
Оны саясаттанушы Ерлан Саиров та қолдады, елде жаппай тегін сынақтама өткізу керек деді.
"Жағдай күннен-күнге ушығып келеді. Ресми хабарланғаннан, инфекцияланғандардың саны едәуір көп деген қауіп бар. Бұл жағдайды халықты жаппай тексерістен өткізу керек. Тест үшін 16 мың теңге төлеу біздің азаматтар үшін өте ауыр. бәз біреулер адамның қайғысы мен мұңын сылтау етіп ақша тауып жатыр. Мен ҚР Денсаулық сақтау министрілігін, үкіметті моральдік бассыздықты тоқтату керек деп есептеймін. Халықты тегін тексеру керек", - дейді ол.
Айтып өтейік, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 1000-нан аса адамға өскен: белгілері бар науқастар 350, 683-і белгілері жоқтар.

stan.kz