Аптап ыстық, бұршақ және найзағай: 22 маусым күні ауа райы қандай болмақ
Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 22 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға арналған болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, солтүстікте кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.