» » Еліміздің бірқатар өңірінде минус 3 градусқа дейін үсік күтіледі

Еліміздің бірқатар өңірінде минус 3 градусқа дейін үсік күтіледі

ÐлÑмÑздÑÒ£ бÑÑÒаÑÐ°Ñ Ó©Ò£ÑÑÑнде минÑÑ 3 гÑадÑÑÒа дейÑн Ò¯ÑÑк күÑÑледÑ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 18 м/с. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі 1-3 градус.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz


20 мамыр 2019 ж. 576 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930