» » Денсаулық сақтау министрлігі ПТР тестілеу жайлы: Жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз

Денсаулық сақтау министрлігі ПТР тестілеу жайлы: Жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз

скрининг

Денсаулық сақтау министрлігі халықты ПТР тестілеуге байланысты сабырға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының басшысы Жанар Сүлейменованың айтуынша, еліміз бойынша 50-ден астам орталық коронавирусты тексеруге көшкен. 
"Соңғы 3 күнде интернетте тестілеудің халық үшін үлкен проблемаға айналғаны жазылуда. Алайда зертханаларды тест жасай алмайды деп сынамастан бұрын мына нәрсеге назар аударуларыңызды сұраймын. Үш айда елдегі зертханалар қуаты тәулігіне 6 мыңнан 30 мың тестке дейін артты. Бастапқыда зерттеуді Ұлттық сараптама орталығы ғана жүргізсе, қазір жеке зертханалар (Олимп, Инвиво, Инвитро және т.б.) тартылды. Медициналық ұйымдар да өз тестілеуін бастады. Жалпы еліміз бойынша 50-ден астам зертхана жұмыс істейді", - дейді Сүлейменова.
Қазір келушілердің ағымы көп болғандықтан зертхана қызметкерлері күніне 24 сағаттан жұмыс істеуде екен. 
"Ұйқысыз түндер мен үлкен жүктеме, вирус жұқтыру қаупі үлкен жерде зертхана қызметкерлері үндемей жұмыс істеп келеді. Вирус жұқтырғандары емделіп, қайтадан қатарға қосылады. Дозатормен жұмыс істей алатын, тамшыны дұрыс тамызатын лаборантты аз уақытта даярлау қиын, бәріне тәжірибе керек. Анализді өңдейтін ең қысқа уақыттың өзі 6-8 сағат жұмысты талап етеді. ПТР - жалпы қан анализі емес, бұл нуклеин қышқылының бөлінуін, вирустың генетикалық бөлігін ұстау үшін көшірмелерін көбейтуді талап ететін қиын процесс", - деп қосты ол.
Бұған қоса ол құралдардың бірте-бірте ескіріп жатқанын алға тартты. 
"Зауыттан жаңа құрал-жабдық алуға да біраз уақыт керек. Үздіксіз қолданылып жатқан құралдар тез ескіреді. Мұның бәрі зертхана жұмысына ықпал етеді. Зертханалық тестті медициналық қызметкер ауру белгілері болған жағдайда тағайындайтынын ұмыттық. Қазір ерінбеген адамның бәрі, басы ауырса, бизнес-кездесу өткізетін болса, жұмысқа шықса тест тапсыратын болды. Оның нәтижесін тез шығару үшін араға танысын салады. КВИ зертханалық тесті мәнін жоғалтты және өткізу билетіне айналып барады. Дәл осы кезде шын ауырған адамдар зертханалық тестке жете алмай отырғанын ойға алайық", - дейді орталық басшысы.
Еске салайық, соңғы кездері әлеуметтік желілерде скринниг орталықтарындағы адамдардың кезегі түсірілген жазбалар пайда болған еді. Әсіресе, Алматыда коронавирусқа байланысты тесттен өтіп жатқан тұрғындардың саны күрт артқан. 

21 маусым 2020 ж. 324 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930