АНТЫНА АДАЛ, КӘСІБІНДЕ КЕМЕЛ
Алдына барсаң күлімдеп қарсы алып, ине салып, дәрі ішкізбей-ақ, сырқатыңды мейірім тұнған көзімен, жылы сөзімен сауықтырып, шығарып салатын дәрігерлер болады. Осындай антына адал ақ желеңді абзал жандардың қатарында бүкіл болмысымен дәрігер деген атқа лайық Әзизбек Жәмкеев те бар.
Әзизбек Жәмкеев 2002 жылы Шымкент қаласындағы қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне қабылданады. 2009 жылы аталған оқу орнын жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы өзінің туған жері Жалағаш аудандық ауруханасында аймақтық дәрігер болып алғашқы еңбек жолын бастайды. Содан бері он бір жыл бойы өзінің алдындағы аға буын дәрігерлердің ақыл-кеңесін алып, өз мамандығы шеңберінде сапалы тәжірибе жинаған Әзизбек қазірде аудандық ауруханадағы ең білікті дәрігерлердің санатына қосылды. Денсаулығы сыр беріп, дертіне дауа іздеп барғандардың көбі терапевт дәрігер Әзизбек Жәмкеевтің өз кәсібінің нағыз маманы екенін айтып, алғыстарын жаудырып отырады. Иә, ол рас, оған көз жеткізу үшін дәрігердің өзін тыңдайық.
– Мен мамандығыма тек кәсібім ретінде қарамаймын. Сырқаты меңдеп, жаны қиналған адамға кез келген уақытта көмек қолын созу тек дәрігердің ғана міндеті емес, әрбіріміздің адамгершілік парызымыз. Сондықтан дәрігер өзінің кәсіби міндетінен, қызметтік жауапкершілігінен бөлек, мойнындағы адамгершілік парызы барын да ұмытпауы тиіс. Әрине, дәрігер – адам өміріне жауапты тұлға. Сол үшін олар ажалға араша болып, аурумен арапалысқа түскен сын сағаттарда мүмкіндігінше қателеспеуі тиіс. Ал ол үшін дәрігер білімді, білікті болуы керек. Біз тек теориялық тұрғыдан ғана осылай айтамыз. Ал осыны адамдық түйсікке салып көрсек, меніңше, адам жанын емдеумен айналысатын кез келген кәсіби маманның басына жиған білімінен гөрі, жүрегіне құйған мейірімі маңызды. Өйткені жүректе мейірімнің сәулесі болмаса, қандай кәсіп істесең де оның берекесі болмайды. Қызметіне қарай дәрігерлер халықтың жүрегінде мейірбан жанның бейнесінде қалып қойған. Ендеше, біз жұртшылықтың жүрегінде күлімдеп тұратын сол мейірбан бейнені қатыгез адамның кейпіне айналдырып, халықтың сеніміне селкеу түсіруге тиіс емеспіз. Ол үшін өзімізді кәсіби тұрғыдан жетілдіре отырып, жүректегі ізгілік сәулесін де өшіріп алмай, маздатып отыруымыз керек. Біз ант қабылдадық. Ант – аманат. Аманатқа қиянат қылуға қақымыз жоқ, – дейді Әзизбек Смағұлұлы.
Дәрігердің айтып отырған сөзіне алып, қосарымыз жоқ. Расымен, тәні ауырған науқасқа да, жаны күйзелген адамға да бір ауыз жылы сөздің өзі ем. Алайда сол бір ауыз жылы сөзді айтуға да жылы жүрек керек. Дәрігердің жүрегіндегі сол жылу жанарынан мейірім шуағындай төгіліп тұруы тиіс. Сонда ғана сырқат адам сауығады және ол дертіне дауа дарытқан шипагер жанның келесі науқасқа жұмсайтын қуатын еселеп кетеді. Міне, осы мақаланы жазарда Әзизбектің қабылдауында, қадағалауында болған емделушілерден өздерін емдеген дәрігердің кең жүректі, антына адал маман екенін естідік. Бұл Әзизбектің мәртебесін көтеру үшін жай ғана айтыла салған мақтау сөз емес, ауру азабын тартып жатқанда ажалға араша түсіп, өздерімен бірге қиналған дәрігерлеріне деген әлгі адамдардың шексіз алғысы, құрметі.
Әзизбектің медицина саласындағы қызметін мінсіз атқарып жүргенін әріптестері де айтады. Қай саланың маманы болмасын он бір жыл ішінде толық тәжірибе жинап, кемелденбейді. Алайда, Әзизбек осындай уақыт ішінде еселі еңбек етті, тынымсыз тер төкті және сол еңбегіне лайық түрлі дәрежедегі Алғыс хаттар, арнайы Дипломдармен марапатталды. Әйтсе де, дәрігер үшін еңбектің өтемі де, бағасы да бұл емес. Оның саладағы абыройлы еңбегінің нәтижесі де, жемісі де халықтан алған әлгіндей алғаусыз алғысы мен емделушілердің шын пейілді ризашылығы.
Жалпы тәжірибелік дәрігердің (терапевт) өзге әріптестерінен қызметі күрделілеу. Сондықтан да оларға екі есе артық ізденуге тура келеді. Басқа дәрігерлер адамның дене құрылысын бөліп алып, жеке-жеке емдейтін болса, терапевт дәрігер аты айтып тұрғандай, тұтас ағзаның дертті нүктесін тауып, ауруды анықтайды. Алайда, Әзизбек Жәмкеев 2015 жылы Алматы қаласындағы қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің неврология кафедрасында білімін жетілдірді. Қазіргі уақытта аудандық аурухананың невролог дәрігері және дәрігер-эксперті.
Қуат АХЕТОВ