» » АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ЖАН

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ЖАН

Адамзат тарихында ұлы екі мамандық бар. Бірі – ұстаздық, екіншісі – дәрігерлік. Бірі адамның үлкен өмірдегі орнын ай­қын­дап беретін бағдаршам іспеттес болса, екіншісі кеселмен күресіп, жанға шипа табатын асыл мамандық. Осы жолды таң­даған, адам жанының арашашысы бо­лып жүрген ақ халатты абзал жандардың бірі – аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орын­басары Алма Сүлекеева.
Қоғамдағы әр адамның өмірі осы жандармен тығыз байланысты. Оларға қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат. Жалағаш аудандық емхананың дәрігерлері қанша жылдан бері өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Еңбек жолын 1986 жылы Жалағаш аудандық балалар консультациясында аймақтық бала дәрігері болып бастаған Алма Қаскенқызы да жанына дауа іздеген жандарға көмек қолын созудан аянған емес. Денсаулық сақтау саласындағы қызметін мұнан әрі Бұқарбай батыр ауылдық ауруханасында бала дәрігері, Жалағаш орталық ауруханасының реанимация бөлімінде дәрігер ординатор, Жалағаш орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары ретінде жалғастырды. Қазіргі таңда аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Ана мен бала денсаулығын қорғау сала­сында атқарған жұмыстары нәтижесінде соңғы бес жылда ана өлімі тіркелмеген. Бала өлімі көрсеткіші соңғы 3 жылда облыс деңгейінде біршама төмендепті. Ана мен бала өлімі көрсеткішінің төмендеуі осы сала қызметкерлерінің жұмысы үшін жақсы нәтиже деуге болады. Ал ана мен бала өмірін сақтап қалуда бар білім-білігін, қабілеті мен күш-жігерін жұмсайтын кейіпкеріміздің қызметі ерек­ше шыдамдылықты, төзімділікті талап ететіні анық. Бірақ бұл қасиеттер Алма Қаскенқызы үшін таңсық емес. Табиғатынан сал­мақты, сабырлы, жайдары мінез иесі.
Мұнымен қоса тәжірибелі маман жас дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арт­ты­руы­на қол ұшын беріп, көп көмегін тигізіп ке­ле­ді. Жылдар бойы жинақтаған іс-тәжі­ри­бе­сімен бөлісіп, өзінен кейінгі жас буынға біл­генін үйретуден танған емес. Еселі ең­бегі еленіп, бірнеше марапатқа да ие бол­ды. Алма Сүлекеева 2015 жылдан «Қо­ғам­дық денсаулық сақтау» мамандығы бо­йынша жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер атанса, 2009 жылдан «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2019 жылы Жалағаш ауданының 80 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
Бүгінгі күні халыққа қалтқысыз қызметімен қатар отбасында үш баладан тараған сегіз немересіне тәрбие беріп отырған асыл әже.
Ауданымыздың денсаулық сақтау са­ла­­сында талай жыл тапжылмай тер төгіп, ең­бе­­­гімен елдің ыстық ықыласына бөленген Алма Қаскенқызының жүріп өткен жолы көпке үлгі. Себебі тіршілікке нәр беріп, қалтқысыз қыз­ме­тін ұсынып, мейірімділік пен жылылықты жанына серік еткен, игілікті мамандық иесі атан­ған ол қашан да сый-құрметке лайық.

Нұр НАУАН

07 наурыз 2020 ж. 621 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930