» » ЖАҢАДАРИЯДАҒЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

ЖАҢАДАРИЯДАҒЫ АБЗАЛ ЖАНДАР



Дәрігерлік мамандықты  таңдап, оның  қыр-сырын қанық білу үшін мейірімділік  пен  төзім қажет.  Жан  мен  тәнге  шипа  дарытар  ақ  халатты  абзал  жандарға  артылатын  жүк  ауыр. 
Қоғамдағы әр адамның өмірі осы  жандармен тығыз байланысты. Оларға қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат. Жаңадария  ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті қанша жылдан бері осы ауыл тұрғындарына сапалы  медициналық  қызмет көрсетіп келеді.  Басы  ауырып, балтыры сыздағанда жанына дауа іздеген  ауыл  тұрғындары  осы  шағын  медпунктке  келеді. 
Бүгінгі  таңда  бұл  емханада  1  фельдшер,  1  акушерь және мейірбике және  өзге  де  санаттағы  қызметкерлер  жұмыс  жасайды.  Барлығы  жоғары  білімді,  өз   жұмыстарын  жетік  меңгерген.  Сонымен  қатар,  жедел  жәрдем  бөлімі  де  қызмет  көрсетіп  отыр.  «Жедел  жәрдем» мамандары тәуліктің кез-келген мезетінде науқасқа бастапқы диагнозды қойып, медициналық көмекті көрсетіп, емханаға жеткізеді. Жылдам әрі кәсіби қызметтің арқасында хәл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады.  Сондай-ақ,  ауылда  үнемі  бақылаудағы  дәрігерлік  тізімде  тұрған  науқастар  да  бар.  Оларға  да  тиісті  дәрі-дәрмектері  беріліп,  уақытылы  тексеріліп  отырады.  Шағын  ғана  ұжым  болғанмен,  көптің  көңілінен  шығып,  өз  қызметтерін  адал  атқарып  келеді. 
Медпункт  ғимараты  2011  жылы  қайта  бой  көтеріп,  пайдалануға  берілді.  Ем-дом  жасайтын  бөлмелердің  барлығы  дерлік  заманауи  жабдықтармен  қамтамасыз  етілген.  Дәрігерлерге  қажетті  техникалық  аппараттар  да жеткілікті.  «Біз   өз  қызметімізді  жақсы  көреміз.  Себебі,  еміне  шипа  іздеген  жандарға  көмектескенде  олардың  ауруынан  айығып, бойларын тіктегеніне шын  жүрегімізбен  қуанамыз.  Жұмысымызды  бар  ынтамызбен,  жауапкершілікпен  атқарамыз. Үлкен-кішіден  алғыс  алып  жүргеннің  өзі  біздің  жұмысымызға  серпін,  көңілімізге  дем  береді», - дейді  бас  дәрігер  Бекзат  Пірназарова.  
Жалпы,  дәрігерлер  адам  анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқасқа көмек  көрсете  алатын, адам тағдырына асқан жауаптылықпен  қарайтын өз  қызметінің  мамандары.  Яғни, бұл  саланың  мамандары  күйзеліске  төзімді,  жүйкесі  мықты  жан  бола білсе,  халықтың  алғысын  алып,  сенім  үдесінен  шығары  анық. 

Нұржамила  АЛМАСҚЫЗЫ.



30 қыркүйек 2018 ж. 949 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930