АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Мұнан бөлек бірқатар медицина саласының майталманы “Nur Оtan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында туберкулезге қарсы күрес кабинетінің медбикесі Ғ.Нұрғалиева, Ақарық ауылдық дәрігерлік емханасының аға мейіргері К.Мерекенқызы, Таң ауылдық дәрігерлік емханасының жалпы тәжірбиелік мейірбикесі С.Оспанқызы, аудандық аурухананың техникалық базасына жауапты маманы С.Әліпбаев, аудандық емхананың кіші аяжаны С.Жанділдақызы, аудандық аурухана қызметкері А.Сағындықұлы, аудандық аурухана операторы Р.Дауылбайқызы, аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері А.Нұрханқызы, туберкулезге қарсы күрес бөлімінің мейіргері С.Сейтжанова, аудандық емхананың окулист дәрігері С.Тасқараева, аудандық аурухананың хирург дәрігері Д.Сүйіндіков, аудандық аурухананың зертханашы дәрігері Г.Мұстафаева, аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері, елді мекендер бойынша бөлім меңгерушісі Г.Аманбаева, аудандық емхананың физиотерапия бөлімінің меңгерушісі Р.Мұстақұлова және физиотерпаия бөлімінің кіші аяжаны Л.Қиымова бар.
Шара барысында Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагер, облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің Жалағаш ауданындағы өкілі, "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері С.Ибраев адам өмірін ажалдан арашалау жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген С.Тасқараева, Г.Мұстафаева, Д.Сүйіндіков секілді дәрігерлерге республикалық Чернобыль ардагерлер одағының арнайы медалін тақса, Г.Аманбаева, Р.Мұстақұлова, Л.Қиымова және Г.Ертуғанова секілді медицина саласының қызметкерлеріне аталған одақтың "Құрмет Грамотасын" тапсырды. Шараға шақырылған басқа да құрметті қонақтар сөз алып, дәрігерлерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шараның соңы аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы өнерпаздарының концертіне ұласты.
Қ.АХЕТОВ