» » Жолдау міндеттер жүктеді

Жолдау міндеттер жүктеді

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді ...Мемлекет басшысының алғашқы дәстүрлі Жолдауы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсаттарға, айқын мұраттарға негізделіп жасалды. Саяси құжат өзіндік нақты мақсаттан, жарқын болашаққа бағытталған ойлы мәселелері және бір мүддеге тоғысқан терең түсініктен тұрады. Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің ертеңі үшін өзекті, ойлы шешімдер қабылдап, халықты қуатты сөзімен қанаттандырды. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты саяси құжатта саяси сабақтастық, заман талабына сай мемлекет, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеретін жаңа кезең қалыптастыру жолындағы жүйелі жұмыстардың айқын бағыты көрсетілген. Сарапшылар, зиялы қауым өкілдері, қазақстандықтар биылғы Жолдауды кеңінен талқылады. Ең бастысы халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған шешімдер қолдау тапты. Өйткені елдің экономикалық ахуалы сол қоғамдағы халықтың тұрмысымен тікелей байланысты. Мемлекет әлеуметтің әлеуетін көтеруде жыл сайын бастамалар көтеруде. Әсіресе табысты, еңбекақыны жоғарылату көптің көкейіндегі күрмеулі мәселенің шешімін табуға оң әсерін тигізді. Жолдауда барлық сала қамтылды.
Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты экономикалық-әлеуметтік даму болғандықтан, Президент Жолдауында осыған аса мән берді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі екенін айтты. Бұл үшін экономикалық дамудың қарқын алуына күш салмақ. Экономикалық дамудың негізі ішкі өнімді, отандық шикізаттың өсімін тұрақты әрі жоғары деңгейге жеткізу керек. Сондай-ақ осыны негізге ала отырып, экономиканың дамуына тың серпін беретін құрылымдық өзгерістерді, нақты жоспарларды құру қажеттігі туады. Қажет болғанда да бұл заманның талабына сай туындаған қажеттілік деп білеміз. Әрине уақыт күттірмейтін, жолдан тоспайтын қажеттілік. Елдің болашағы үшін жасалған жоспарлар сәтті жүзеге асса, келешектің кемел болуына жол ашылмақ. Саяси құжатта айтылған ұсыныстар, нақты шешімдер мемлекеттің дамуына негіз болмақ. Президент Жолдауының қоғамдық тұрғыдан қолдау табуы ондағы атап көрсетілген өзекті мәселелердің салмақты бетбұрыстан туғанын дәлелдейді.

Өмірбек Жақсылықұлы
 аудандық қазынашылық басқармасының басшысы
22 маусым 2020 ж. 441 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 727

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031