Клиникалық белгісі жоқтар қауіпті ме?
Бұған дейін күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бойынша статистика жарияланып, онда ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ адамдар бірге есепке алынып келді. Маусым айынан бастап барлық ресми дерек көздерінде коронавирус инфекциясы бойынша симтомды және симптомсыз вирус тасымалдаушылар бойынша статистика жеке-жеке жариялануда. Бұлай бөлудің себебі – симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету.
Бұл COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндірмейді деген сөз емес. Осы орайда елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса бермек. Бүгінде Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60%-ке жуығы – бұл инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін атап өткен жөн.
Қазіргі кезде облыста 840 азамат коронавирус инфекциясымен тіркеліп, олардың басым көпшілігінде аурудың симптомсыз екені анықталды. Медицина қызметінің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысында 9 редакциядағы коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасы қабылданды. Жаңа редакциядағы хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомы жоқ науқас та инфекцияны жұқтырушы, оларда 14 күн ішінде (инкубациялық кезең) клиникалық белгілер пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге симптомы жоқ науқастар үйінде немесе карантин нысанында медициналық-санитарлық алғашқы көмектің келісімі (МСАК) бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, медициналық бақылауға алынуы тиіс. Ал COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған адам үйінде немесе карантин нысанында МСАК-тың келісімі бойынша эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, медициналық бақылауға алынуы тиіс. Бірақ оған дәрі-дәрмектік емдеу жүргізілмейді.
Амбулаторлық жағдайда бақылау күн сайын қоңырау шалып хабарласу, жалпы жағдайды бағалау, дене қызуы, шағымды анықтау (жөтел, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, терлеу, іш өту, дене бөртуі, миалгия және тағы басқалары), сатурация (мүмкіндік болса), видеоконсультация (қажеттілік болса, 3 күнде 1 реттен көп емес) бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге бақылау кезеңінде клиникалық симптомдар күшейіп кеткенде (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, демікпе) пациент инфекциялық стационарға жіберіледі.
Жеңіл түрімен ауырғандарда жоғары дене қызуы болмаса және респираторлық симптомдарының күшеюі байқалмаса, сондай-ақ, мұрын қуысының жұғындысынан алынған ПТР тесті бірнеше рет теріс нәтиже көрсетсе, медициналық бақылаудан алынып тасталады.
Індеттен қорғанудың қарапайым әдістерін, атап айтқанда, қолды сабындап жууға, соңынан құрамында спирті бар антисептиктермен сүрту, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жауып тұру, тұмау және суық тию белгісі бар адамдармен байланысты шектеу, үй-жайларда температуралық режимнің оңтайлы параметрлерінің сақталуын бақылап, жұмыс, үй-жайларын тұрақты (әрбір 2 сағат) желдетіп тұруға кеңес береміз. Үйде, жұмыс орындарында есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, үстелдер мен орындықтарды, кеңсе техникасы, көпшілік пайдаланатын орындарды (тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, дәретхана бөлмелері, спортпен айналысуға арналған бөлмелер мен жабдықтар және т.б.) дезинфециялауға баса назар аудара отырып, үй-жайларды дезинфекциялау заттарын қолдану арқылы сапалы жинауды, барлық үй-жайларда жиі өңдеу жүргізілуі тиіс.
Адам көп шоғырланатын орындарда 1,5 метр қашықтықты, бетперде кию ережелерін сақтауды ұмытпаған жөн.
Әлия ЫДЫРЫСОВА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы